«Құлақтан кіріп бойды алар

 Жаксы әнмен тәтті күй

 Көңілге түрлі ой салар

 Әнді сүйсең менше сүй

Домбыра —ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспап. қазақ халқының өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен.

«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп бекер айтпаған қазақ халқы. Міне биыл тоғызыншы рет Балалалар шығармашылық үйінің Дарын студиясынын окушылары Домбыра дастан байқауына қатысып келеді. Бұл балалардың оқу жылынан алған білімдерінің қортындысы деп есептелінеді. Байқау жас топтары бойынша үш кезеңде өтті .Бірінші топ – 6-9 жас аралығындағы. Екінші топ 10-13 жас аралығы. Үшінші топта 13-16 жастағы балалалар қатысты. Биыл қатысушылардын саны отыздан астам болды. Ата-аналардың, туысқандарының қолдауы мен қошеметтері  сезіліп тұрды.

Әділқазылар шешімі бойынша бірінші топ 6-9 жас аралығындағы жүлдері орындар

3 орын- Казмухамбетова Дария. Рыспаев Адильжан, Казмухамбетова Аруна.

2 орын- Каирманова Сагида, Иманалинов Ернар. Алашбаев Алибек

1 орын- Омырбекұлы Мұхамеджан. Турумбетов Баглан

 

Екінші топ 10-13 жас аралығындағы женімпаздар:

3 орын-  Шукашева Айлана, Рыспаева Аяулым

2 орын- Зарыкан Санжар, Хакимова Томирис

1 орын- Кадырбеков Саят, Айменова Мадина

 

Үшінші топ 13-16  жас аралығындағы женімпаздар:

3 орын Жумабаева Айгуль, Альмухамбетова Дильназ

2 орын Алиев Амирхан

1 орын Туржанова Еркежан

Гран-при иегері Уалиева Жансулу

Балалар мен ата аналары уақыттарын бөліп келгендеріне алғысымызды айтамыз.

 «Күй ойнайды қазағымның қанында

  Күй ойнайды қазағымның жанында

 Жүрегіңнің, жүрегіңнің, жүрегіңнің

  Күмбірлеген  домбырасы  барында»