2022 жылғы 7 желтоқсан күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің балалар шығармашылық үйі» КММ-нің базасында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ-мен бірлесіп «Қазақстанның балалары» әлеуметтік жобасын іске асыру бойынша қорытынды іс-шара квест өткізілді.
Жобаның мақсаты: шығармашылықтың әртүрлі түрлерімен әсер ету арқылы балалардың бейімделуіне жағдай жасау.
Квест «В гостях у сказки» ойын-саяхат түрінде өтті. 20 бала қатысты, балалар 3 командаға бөлінді: «Неугомонные», «Чудесники», «Приключенцы». Командалар станцияларды аралап, әртүрлі тапсырмаларды орындады. Бірінші станция: «Суретші Тюбик», Незнайка ертегісіндегі Тюбик суретшімен бірге балалар ертегі қалашығын салды. Екінші станция: «Марья- шебер қыз», балалар мұғаліммен бірге сиқырлы кулон жасады. Үшінші станция: «Ақшақар мен гномдар», кейіпкерлер іс-шараға қатысушыларды би ойындарында тұрғызып, билетті. Төртінші станция: «Түлкі Алиса», Алиса балаларға күрделі сұрақтар мен қызықты ойжұмбақтар дайындады.
Квест қорытындысы бойынша «Приключенцы» командасы жеңді. Барлық командалар грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Балалар шығармашылық үйі балалардың күлімсіреуінен, бақытты көздерінен, жеткізілмейтін эмоциялардан жарыққа толы болды.




