Жаз келді дегенше, жер көк кілемдей жайқалып, күннің көзі жарқырап шыға келеді.
Жаз төрт мезгілдің ішіндегі ең ыстық әрі ең көңілді мезгіл. Өйткені оқушылардың барлығы жазғы демалысқа шығып, күніге серуен кешіп, ойын ойнайды. Жаз біздің балаларымыз үшін мейірімді, жарқын және қауіпсіз болуы тиіс! Алайда, әр бала пайдалы және қызықты бос уақытты өз бетінше ұйымдастыра алмайды. Бұл жағдайда оларға Жітіқара қаласының Балалар шығармашылық үйінің педагогтері көмектеседі. 2022 жылғы 27 шілде күні 7 шағын ауданының 5,4,2,1 үйдің балалары үшін «Жазғы көңіл-күй» ойын бағдарламасымен жылжымалы аула алаңының жұмысы ұйымдастырылды. Онда 70-ке жуық көңілді, албырт балалар қамтылды. Ең қызықты ойындар, би Клэп-снеп, Чуча-чача, жаттығулары, викториналар және т.б. болды. Сондай-ақ, біз балаларға Аква-грим ұсындық, онда балалар кезекке тұрды. Біз тамаша уақыт өткіздік! Бізді қолдаған барлық балалар мен ата-аналарға алғысымызды айтамыз!




