4 шілде күні Жітіқара ауданының Балалар шығармашылық үйінің педагогі Қайырлап Ұлболсын Қуандыққызы талантты балаларымызға арнап шебер сынып өткізді.

Шебер сыныптың тақырыбы органза матасынан сәнді түйреуіш «Гүл» жасау.

Мақсаты: әсемдікті өз қолымен жасауға деген ықыласын, сәндік қолөнерге қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын дамыту.

Шебер сыныпқа - 6 бала қатысты. Қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған тамаша түйреуіштері жаздың құлпырған гүлдеріңдей жайқалады. Қазіргі сәтте өз қолымызбен жасаған гүл әшекейлері әлемдік сәнде тұр.

1 1 1 1 1 1