Спорт баланың үйлесімді дамуына көмектеседі, жүйке жүйесі мен иммунитетті нығайтады, дененің денсаулығына оң әсер етеді.
Сонымен қатар, спортпен шұғылдану баланы тәртіпке үйретеді, мінезін қалыптастырады, ерік-жігерін, мақсат қою және оларға жету қабілетін дамытады.
Жітіқараның Балалар шығармашылық үйінде «Багира» балалар спорт бірлестігі жұмыс істейді, жетекшісі Тунжуманов Нагашыбай Даулетович.
27 маусымда «Багира» БСБ тәрбиеленушілері ашық ауада көрме қойылымын өткізді, онда он бала оқу жылы ішінде алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын көрсетті.




