22 ақпанда балалар, ата-аналар және педагогикалық жұртшылықты біріктіру мақсатында "Үндестік" облыстық жобасы аясында "Біз әділ Қазақстан үшін" атты облыстық пікірсайыс турнирі өткізілді.

Жітіқара Балалар шығармашылық үйінен пікірсайыс турниріне "Орда" пікірсайыс студиясының жетекшісі Балшекер Туйганова және осы студияның тәрбиеленушісі Анастасия Михалаки қатысты.

Турнир екі айналымда өтті: іріктеу және финал. Әділ қазылардың бағалау критерийлері: өзектілік, дәлелділік, маңыздылық, шындық. Сондай-ақ, әділ қазылар істердің сапасы мен мазмұнын бағалады. Жеңімпаздар дәлелдер, фактілер мен ақпараттар саны бойынша анықталды.

Біздің команда екінші орынға ие болды, бұл үлкен жеңіс. Балшекер Сардарбековна мен Анастасияны мақтан тұтамыз және жеңіс үшін алғыс айтамыз.

1 3 4