2022 жылғы 14 желтоқсан күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Абай атындағы мектеп-лицейі» КММ-нің базасында Жітіқара ауданының әкімі Н.Қ. Өтегеновтың қатысуымен дарынды және талантты балалардың «Мен жастарға сенемін» аудандық форумы өтті.
Жітіқара ауданының әкімі Н.Қ. Өтегенов өз сөзінде аудан жастарының жоғары зияткерлік, шығармашылық және спорттық әлеуетін, қала және аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасын және сапалы кадрлық құрамын нығайту мәселелерінің табысты шешілуін, халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі түрлі байқаулар мен жарыстарда жүлделі орындар санының өсуін атап өтті.
Форум аясында біздің талантты және дарынды оқушыларымыздың жетістіктері мен қызықты істерінің аз ғана бөлігі көрсетілді.
Форум ауданымыздың барлық дарынды балалары үшін маңызды оқиға, жаңа идеялардың пайда болуы мен іске асырылуына, ғылым мен спортта жоғары нәтижелерге қол жеткізуге одан әрі ынталандыру болды.
Жітіқара ауданы әкімінің «Мейірімді жан» номинациясындағы Алғыс хаты балаларға арналған әлеуметтік жобалардың бастамашысы және іске асырушысы, Балалар шығармашылық үйінің директоры Колядина Елена Константиновнаға табысталды. Жітіқара ауданы әкімінің Алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтармен «Ғажайып квиллинг» студиясының тәрбиеленушісі Полтавцева Карина, жетекшісі Вал Наталья Андреевна және «Этюд» театр-студиясының тәрбиеленушісі, жетекшісі Супатаева Анна Владимировна марапатталды.




