2021-2022 оқу жылында Балалар шығармашылық үйінде «Ғажайып құрақ» атты жаңа үйірме ашылды. Үйірменің  мақсаты қазақ халық қолөнерің жаңғырту. Үйірмеге 10-13 жас аралығындағы қыз балалар қабылданады. Аз уақыт өтсе де,  қыздарымыз құрақ құраудың қыр-сырын үйреніп келеді.

Халқымыздың барлық ұлттық құндылықтары  сияқты,  қазақтың қол­өнер бұйымдары да – ұрпаққа мұра және мақтаныш. Адам қия­лының шексіздігін қолының ісмерлігімен көркем өнерге айналдырып, тұрмыстық қажеттілікке тұты­натын мүлік әзірлеу – бабадан жалғасқан асыл өнер. Қара­саң көздің жауын алатын, тұтынсаң қажетіңді өтейтін бұйым­дар­дың бірі – құрақ көрпе. Ол, біріншіден – өнер, екіншіден – тұрмыстық бұйым, үшіншіден – ертеректе мата-материал аз кезде қолданылған маталардың қиындылары рәсуа болмасын деген оймен, оны да пайдаға жарату ойынан туған, яғни ысырапшылдыққа жол бермеудің керемет әдісі.

Бұрынғы өткен ата-баба, шебер әжелеріміздің ұмытылып бара жатқан қолөнерін жаңартып жаңғырту, бізге қалған асыл мұраны кейінгі ұрпаққа аманат ету, тұрмыста қолдана білу мақсатында Жітіқара Балалар шығармашлық үйінің Ғажайып құрақ студиясының қыздары, «Қазақ халық қолөнерінің жаңғыруы...» атты құрақ көрпе тігу жұмысын қолға алды. Қазақ халқы: «Қыз баланың қадір-қасиеті мен қылығы ұлттың ұлылығын танытады», деп есептеген. Болашағын ойлап, үй тіршілігіне қажетті жұмыстарды үйреткен.

Бүгінгі қолға алған істің болашақта жолда қалмайтынын сеніммен айта аламыз. Өнерлерің үстей берсін өнерлі жастар!

123


Балалар шығармашылық үйі

«Ғажайып құрақ» студиясын жетекшісі

Қайырлап Ұлболсын Қуандыққызы