«Төрт тоқсан-төрт өнер» мәдени-ағарту жобасы аясында 10 қарашада Жітіқара ауданының Балалар шығармашылық үйінде «Ана тілі» студиясының тәрбиеленушілері арасында «Алтын Сақа» олимпиадасы өткізілді. Аскарова Э.Ж жетекшілігімен асық ойынының тарихымен, түрлерімен және ережелерімен танысты.
«Алтын сақа» олимпиадасының мақсаты: қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын құрметтеуді қалыптастыру, батылдыққа, төзімділікке тәрбиелеу, ептілікті, қырағылық пен дәлдікті дамыту.
Асық ойнау - бұл жай ғана ойын емес, дәлдік пен көшбасшылық қасиеттерді дамытатын, оқушылардың логикалық ойлауына оң әсер ететін спорт. Ұлттық ойындарды өткізу балалар мен жастарды тәрбиелеуде маңызды құрамдас болып табылады.
#біртұтас_тәрбие @oqu_agartu_ministrligi, @gani.beisembayev, @medetbekovameruert, @kost_bilim




