5 сәуірде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ Балалар өнер мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Алтын қазына» сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының облыстық көрме-байқауын өткізді.

Байқауға Қостанай облысының 18 өңірінен 79 жұмыс ұсынылды.

Байқауды өткізу аясында қатысушылар үшін 5 шеберлік сабағы ұйымдастырылды: «Сәндік панно көркем суретпен», «Безендіру - фелтинг техникасындағы тана-седеп», авангард стиліндегі «Көктемгі ашықхат», дәстүрлі емес техникамен қолда бар материалдан жасалған «Интерьер суреті» (аппликация), «Құстар көктем жаршысы».

Аталған байқауға Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің балалар шығармашылық үйі» КММ тәрбиеленушілері қатысты;

  • Герцен Анастасия, жетекшісі: Валл Наталья Андреевна;
  • Нестерова Алина, жетекшісі: Валл Наталья Андреевна;
  • Гулинкова Анна,
  • Ракишева Камила, жетекшісі Бажал Елена Григорьевна;
  • Семиклет Елизавета, жетекшісі Голубева Татьяна Ивановна;
  • Шашлова София, жетекшісі Голубева Татьяна Ивановна;
  • Рустемова Карина, жетекшісі Голубева Татьяна Ивановна;
  • Рустемова Камила, жетекшісі Голубева Татьяна Ивановна.

«Ұлттық ою-өрнек элементтері бар халықтық киім үлгісін жасау» номинациясы бойынша:

1 орын - Герцен Анастасия, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің балалар шығармашылық үйі» КММ; жетекшісі: Вал Наталья Андреевна.

«Қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше» номинациясы бойынша:

2 орын – Нестерова Алина, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің балалар шығармашылық үйі» КММ; жетекшісі: Валл Наталья Андреевна.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының грамоталарымен және ақшалай сыйақылармен, ал байқау жеңімпаздарын дайындаған педагогтер қатысушыларды сапалы дайындағаны үшін Білім басқармасының грамоталарымен марапатталды.

Жеңімпаздар Қостанай облысының атынан «Алтын қазына» республикалық байқауында өнер көрсететін болады. Оларға шығармашылық табыс пен жеңістер тілейміз!

1 1 1 1 1 1