Бүгін 2023 жылғы 24 қазанда Жітіқара қаласының Балалар шығармашылық үйінің қабырғасында «Ақындар айтысы» іс-шарасы өтті.

Аталған іс-шара «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағарту жобасы аясында өткізіледі. Мақсаты-айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы ретінде дәріптеу, біздің баға жетпес мәдени мұрамызды балаларда ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына және дәстүрлеріне құрмет көрсетуді тәрбиелеу өнері арқылы таныстыру. Айта кетейік, «Ақындар айтысы» елімізде алғаш рет осындай көлемде өткізіліп отыр. Бұл ауқымды республикалық акция еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіруге және оқушылардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыруға, олардың ақындардың дәстүрлерін жалғастыруын ынталандыруға бағытталған.

Біз сіздердің назарларыңызға айтыстың үш түрін көрсеткіміз келеді:

1. «Қыз бен бала арасындағы айтыс» - айтыстың алуан түрлілігі. Бұл айтысқа Базаров Абылайхан мен Аишева Аяна қатысты.

2. «Күй тартыс» - Айменова Мадина мен Мухтаров Мирас.              

3. «Бүгінгі айтыс» (біздің заманымыздың айтысы) - Будякова Дарья мен Рыспаева Аяулым

«Дарын» студиясының тәрбиешілері, жетекшісі Маликаджарова Дина Калиевна керемет іс-шара дайындады. «Гармония» вокалдық студиясының талантты тәрбиешісі Тымко Виоллета «Бірлігіміз жарасқан» әнін орындады. Балалар шығармашылық үйінің директоры Колядина Елена қатысқаны үшін алғыс айтып, Алғыс хаттарын табыстады.

#Айтыс2023

#1тоқсан

#ақындарайтысы

1 2 3 4 5