3  шілде күні Жітіқара қаласының Балалар шығармашылық үйінің тамаша педагогі Валл Наталья Андреевна балалармен шебер класс өткізді.

Шебер класстың тақырыбы: «Қағазды құрастыру техникасында үкіні жасау».

Іс шараға 11 бала қатысты. Шебер класстың мақсаты: қағаз материалымен жұмыс жасауда балалардың көркемдік, шығармашылық қызметіне жүгіну процесінде экологиялық, эстетикалық мәдениеттің негізін қалыптастыру.

Барлық бала өз ісіне ұқыпты, жауапты қарап жұмыс жасады. Әр балаға педагогымыз жекеше түсіндірулер жасап және көмектесті. Шығармашылық атмосферада нағыз шедеврлер жасалынып, мейірімділік атмосферасы орын алды.