Педагог: Валл Н.А.
Тақырыбы: «Раушан гүлі»
Мақсаты: Түсті қағаздан раушан гүлді жасау
Міндеті:
- Қағаз туралы түсініктерді кеңейту
- Моториканың, ойлаудың, зейіннің, есте сақтаудың даму деңгейін арттыру
- Кеңістіктік қабылдау мен қиял сезімін дамыту.
2022 жылғы 21 қыркүйекте «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мүгедектігі, психоневрологиялық аурулары және тірек-қимыл аппараты аурулары бар балалардың күндізгі болу бөлімшесінде «Раушан гүлі» тақырыбы бойынша педагог Валл Н.А. сабақ өткізді. Сабаққа 9 бала қатысты.




