Педагог: Валл Н.А
Тақырыбы: «Қағаздан жасалған аппликация»
Мақсаты: сәндік - қолданбалы өнердің бір түрін-аппликацияны қабылдау, түсіну және алғашқы есте сақтау бойынша балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру, аппликация әдістерін үйрету, дәлдікке тәрбиелеу.
Міндеті:
- Алдыңғы сабақтарда алған білімдері мен дағдыларын бекіту және жалпылау, балаларды аппликация жасауға үйрету
- Қиялды, түс сезімін, қоршаған әлемге эстетикалық қатынасты дамыту
-Эмоционалды жауап беру. Табиғатқа сезімтал және ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
2023 жылғы 23 ақпан күні «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мүгедектігі, психоневрологиялық аурулары және тірек-қимыл аппараты аурулары бар балалардың күндізгі болу бөлімшесінде «Қағаздан жасалған аппликация» тақырыбы бойынша сабақ өткізілді. Сабаққа 7 бала қатысты.







